Алматы
1 мин оқу 94

Жатақхана құрылысы басталды

<p style="text-align: justify;">Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 90 жылдық мерейтойына орай жатақхана құрылысы басталып, болашақ ұрпаққа жолдау жазылған капсула студенттерге арналған ғимараттың іргетасына қаланды.</p>

Жатақхана құрылысы басталды

Жатақхана «Қар­жы орта­лы­ғы» АҚ және Ғы­лым және жоғары білім министр­лігі­нің қол­дауымен жүзеге асып жатқан «Бес әлеуметтік бас­­тама» мем­лекеттік бағ­дар­ламасы негізінде қолға алынып отыр. Жоба­ны «Forum Invest» және «EPC Stroy Group» құрылыс компаниясы қар­жы­­лан­дырады.

Қ.Сәтбаев университеті құры­лыс департаменті­нің директоры Ришат Тыныбеков­тің айтуынша, 9 қабатты жа­тақ­­хана 955 орынға арнал­ған. Заманауи ғимаратта жас­тар үшін жағдайдың барлығы қарас­тырылады.

«EPC Stroy Group» компа­ния­сының басшысы Ерлан Қожы­қов ком­панияның Қ.Сәт­баев уни­вер­ситетімен әріп­­­­тес­­тігін құптай отырып, «Елі­­міздегі жастардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін инвестиция салуға дайынбыз. Құрылыс барысында экологиялық таза және энергияны үнемдейтін материалдар қолданыла­тын болады. Сейс­микалық нормаларды сақтай оты­рып, жаңа ғимаратты 2026 жыл­дың ақпан айында пайдалануға бе­ру­ді жос­парлап отырмыз», деді ол.

­Іс-шараға университет қам­қоршылық кеңесінің төрағасы, про­фессор Ұлық­пан Сыдықов, оқу орнын­дағы ақсақалдар кеңесі мен рек­торлар кеңесінен профессор Әбдіғаппар Әшімов, Алматы қаласы әкімдігінің Жастар сая­саты бөлімінің меңгеру­шісі Азиз Қажденбек, «Қаржы орталығы» АҚ Алматы қала­сындағы өкілдігінің директоры Ұлан Өтебаев, «EPC Stroy Group» компаниясынан Динара Байым­бетова, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Инновациялық және тех­­­никалық білім беру­дегі же­текші оқу орны ре­тінде дамып келе жат­қан Қ.Сәтбаев атын­дағы ҚазҰТЗУ студенттерге жай­лы жатақханамен қатар заманауи зертханаларды жабдықтау ісін­де де ілкімді жобаларды жүзеге асы­рып жатыр.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Жатақхана құрылысы басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар