Әлем
1 мин оқу 90

Режеп Тайип Ердоғанның сөзін бөлген 9 адам қамауға алынды

<p style="text-align: justify;">Ыстанбұл соты&nbsp;форум кезінде Президент Режеп Тайип Ердоғанның сөзін бөлген тоғыз адамды қамауға алуды бұйырды. Олар биліктің Израильге қатысты саясатына наразылық білдірген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Anka агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Режеп Тайип Ердоғанның сөзін бөлген 9 адам қамауға алынды

Айта кетейік, өткен аптада Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған TRT World медиа-форумында сөз сөйледі. Форум барысында бірнеше адам оның сөзін бөліп, түрік үкіметін Израильге мұнай экспортын тоқтатпағаны үшін сынға алған. Сондай-ақ «геноцидті ушықтыруды тоқтат» деп ұрандатқан.

Кейіннен осы наразылыққа қатысқан, сондай-ақ жиналыстар мен демонстрациялар туралы заңды бұзғаны үшін тоғыз адам ұсталып, қамауға алынған.

Түрік оппозициясы биліктің бұл шешімін демократия мен сөз бостандығы принциптеріне жасалған шабуыл деп бағалап, сынға алған.

Бөлісу:
Режеп Тайип Ердоғанның сөзін бөлген 9 адам қамауға алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар