Бокс
1 мин оқу 102
Абылайхан Жүсіпов Түрікменстан боксшысын айқын басымдықпен жеңді
<p style="text-align: justify;">Бүгін бокстан Азия чемпионатының бесінші жарыс күнінде 71 келіде Абылайхан Жүсіп шаршы алаңға шықты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Таиланда өтіп жатқан бәсекеге 2021 жылы Белградтағы әлем чемпионатының қола жүлдесін еншілеген Абылайхан Жүсіп 3 жылдық үзілістен кейін қатысып жатыр.
Ол 1/4 финалда Түрікменстан боксшысы Байрамдүрді Нұрмұхамедовты қапы қалдырды. 3 раундтық жекпе-жекте Абылайханның қарсыласы 1 рет нокдаунға түсті. Нәтижесінде 5:0 есебімен отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Бөлісу:
