Оқиға
1 мин оқу 70

Алматыда альпинист 12-қабаттан құлап кетті

<p style="text-align: justify;">Алматыда жарнама ілетін 27 жастағы альпинист 12-қабаттан 2-қабаттың балконына құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Алматыда альпинист 12-қабаттан құлап кетті

Қайғылы оқиға 3-желтоқсанда болған. Төле би көшесіндегі «Assem Plaza» тұрғын үй кешенінің қасбетіне жарнамалық баннер орнатып жатқан 27 жастағы жігіт 12-қабаттан құлап кеткен. 

Аталған іс бойынша кешенді тергеу шаралары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Аудандық ішкі істер бөлімінің полиция бөлімі ер адамның өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Алматыда альпинист 12-қабаттан құлап кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар