Президент
1 мин оқу 130

Мемлекет басшысы Қанат Бозымбаевты қабылдады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мемлекет басшысы  Қанат Бозымбаевты қабылдады

Президентке энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ұлттық жобаның әзірлену барысы жөнінде ақпарат берілді. 

– алдағы бес жылға арналған жоба аясында энергетикалық және коммуналдық сектордың қолданыстағы инфрақұрылымын жаңарту, 6 мың мегаваттан аса электр қуаты генерациясын іске қосу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізу қарастырылған;

– жобаның жалпы құны 10 триллион теңгеден асады. Қажетті қаражат нарықтан займ негізінде, сондай-ақ ішінара республикалық бюджеттен тартылады;

– кешенді жаңғырту жұмыстары энергетикалық нысандар мен коммуналдық сектордың тозуын біршама төмендетіп, халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіреді;

Сонымен қатар өңірлік саясатты іске асырудың жаңа тәсілдері туралы мәлімет берілді:

– бұл шара облыстар арасындағы әлеуметтік, өндірістік және коммуналдық инфрақұрылымды қамтамасыз ету барысындағы алшақтықты жоюға бағытталған;

– Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды жүйелі үйлестіру үшін Үкімет жанынан Өңірлік саясат жобалық кеңсесі құрылады;

Маңғыстау облысында авиациялық хабты дамыту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру перспективасын баяндады. Аталған жоба өңірдің экономикалық өсіміне тың серпін беріп, халықаралық көлік-логистика тізбегінің маңызды бөлігіне айналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Бозымбаевқа Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ұлттық жобаны мұқият дайындап, жыл соңына дейін бекітуді тапсырды. Сонымен қатар Өңірлік саясат тұжырымдамасын белсенді іске асыру міндетін жүктеді.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы Қанат Бозымбаевты қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар