Оқиға
1 мин оқу 112
Алматыда күдікті айдауыл қызметінің көлігінен қашып кеткен
<p style="text-align: justify;">Алматы қалалық полициясы ұрлық жасады деген күдікке ілінген 28 жастағы азаматтың айдауыл қызметі көлігінен қашып кеткенін хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полиция күдікті К.Е.Аубакридің фотосын жариялады.
«Алматы қалалық полицейлері кеше кешкісін конвойдан қашып кеткен 1996 жылы туған азамат К.Е. Аубакриді іздестіріп жатыр. Іздеудегі адамның белгілері: бойы - 165-170 сантиметр, арық денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Ерекшелігі: қисық мұрынды», делінген полиция хабарламасында.
Құзырлы орган суреттегі адамды көрген-білген жандардан 8-701-758-67-60, 8-778-158-54-44, 254-40-42 немесе 102 байланыс нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.
Бөлісу: