Бокс
1 мин оқу 150
Ерасыл Жақпеков қырғызстандық боксшыдан басым түсті
<p style="text-align: justify;">Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 80 келіде Ерасыл Жақпеков жартылай финалға өтті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ерасыл Жақпеков 1/4 кезеңде қырғыз боксшысы Сағын Сатыбалдыұлынан айласын асырды. Алғашқы раундта отандасымыздың қарсыласы басым түскенмен, кейінгі екі раундта Жақпеков таразы басын өз тарапына бұра алды.
Енді отандасымыз 8 желтоқсан күні финал жолдамасын өзбек боксшысы Тұрабек Хабибуллаевпен сарапқа салады.

Бөлісу: