Әлем
1 мин оқу 104
Қытайда жер опырылып, 13 жұмысшымен байланыс үзілген
<p style="text-align: justify;">Қытайдың Гуандун провинциясында теміржол құрылысы алаңында жер опырылып, 13 жұмысшымен байланыс үзілген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.</p>
Төтенше жағдай 4 желтоқсан күні сағат 23:00-де Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында болған.
Бейсенбі күні сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 13 жұмысшымен байланыс үзілгенін растаған.
Қазіргі таңда, оқиға орнында 200-ге жуық құтқарушы мен 48 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнынан Қытай Халық Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жіберілген.
Бөлісу: