Өнер
2 мин оқу 232

«Шабыт» сыйлаған қойылым

<p style="text-align: justify;">Өскеменде құрылған &laquo;Шабыт&raquo; студенттер театры 10 жылдық мерейтойларына орай көрерменге &laquo;Ақ келін&raquo; спектаклін ұсынды. Күлдіре отырып ой салатын қойылымды университет студенттерімен қатар мәдениет саласының қызметкерлері де тамашалаған.</p>

«Шабыт» сыйлаған қойылым

2014 жылы С.Аманжолов атындағы университетте құ­рылған «Шабыт» студенттер театры­нан бүгінде жеті буын, 150-ге жуық түлек ұшыпты. Осы уақыт ішінде театрдың жеткен жетістігі, қойған қойылымы аз емес. Олардың қатарында «Желтоқсан желі», «Менің өмі­рім», «Махаббат мұңы», «Та­бамын сені», «Ар айнасы» се­кілді туындылар бар. Ал «Ай мен Айша», «Қыз жиырмаға тол­ғанда», «Нарком Жүргенов», «Бар­мысың махаббат» және «Ре­портаж» атты қойылымдар да театр репертуарында ерекше орын алады.

– Осы уақытқа дейін қаншама жас таланттармен жұмыс іс­тедім? Әрбіреуінің орны ерекше. Театр құрыла сала мақсатты түрде жұмыс істедік. Студенттік шақ­тың қызықты сәттерін сах­наладық. Сөйте жүріп, көрер­менге ой салуға тырыстық. Бү­гінгі қойылым да көпшіліктің ойынан шығары сөзсіз, – деді «Шабыт» театрының жетекшісі Ертай Хасенов.

Мақсатты түрде жұмыс іс­теген театр ұжымы Мәскеу қаласындағы «Третий звонок» атты V халықаралық театральді фестивалінде II дә­ре­желі дипломмен мара­пат­талған. Рес­пуб­ликалық байқауларда да тұ­ғырдан түспеген. Қайбір жылдары Дидахмет Әшімханның «Көк перінің кердеңі» қойылымын қойып, ІІ орын алған. Сондай-ақ облыс көлемінде өтетін мә­дени, әдеби кештерде «Шабыт» театрының студенттері ортадан табылып жатады.

Бүгінгі «Ақ келін» қойы­лымында екі жас бір-бірін сүйіп қалғанымен, ата-анасы қарсы болған. Кейіннен жастар қулыққа басады. Күлпаштың ұлы біреудің ерке-шолжаң қызын келін қылып түсірмек болады. Оның үстіне ол орыс тілді болып шығады. Ішім­­дікке де жоқ емес. Мұны көрген анасы ат-тонын ала қашып, әуелгі қызың тәуір екен деп, райы­нан қайтқан. Сөйтіп екі жас қосылып, ұлан-асыр той жасайды. Сахнадағы тойдың атмосферасы көрерменге де сезіліп тұрады.

Қойылымнан соң театр ұжы­мын университет, кітапхана, музей ұжымдары құттықтап, сый-сыяпаттарын жасады.

ӨСКЕМЕН 

Бөлісу:
«Шабыт» сыйлаған қойылым · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар