Оқиға
1 мин оқу 110
10 минут бойы жүрегі соқпаған науқас аман қалды
<p style="text-align: justify;">Шымкенттік дәрігерлер 10 минут бойы жүрегі соқпаған науқастың өмірін сақтап қалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Otyrar.kz сайтында айтылғандай, 40 жастағы ер адамның жүрегі 10 минутқа тоқтап қалып, дереу реанимация бөліміне жатқызылған, жедел әрекеттермен дәрігерлер жүрек ритмін қалпына келтіріп, науқасты жасанды тыныс алу аппаратына қосқан.
Кейін науқас 5 күн бойы нефрология бөлімшесінде ем алып, жағдайы жақсарған.
«Дәрігерлер тобының үйлесімді жұмысының арқасында науқастың жағдайын тұрақтандыру мүмкін болды және қажетті ем-домнан кейін ол үйіне шығарылды», деп мәлімдеді реаниматолог Жасур Мұхитдинұлы.
Бөлісу: