Тағзым
2 мин оқу 110

Қаламгер шығармашылығы кеңінен насихатталды

<p style="text-align: justify;">Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы &laquo;Жазушымен бір күн&raquo; жобасы аясында өмірден өткен жергілікті қаламгерлердің шығармаларын оқырмандар арасында кеңінен насихаттауға басымдық беріп отыр.</p>

Қаламгер шығармашылығы кеңінен насихатталды

Пешенеге жа­зыл­ған ғұ­мы­рында ту­ған жері Тұрар Рысқұлов ауданынан іргесін алыстатпаған қаламгер Кәріпжан Нүсіптің шы­ғармашылығы да кітапхана қызметкер­лерінің наза­рынан тыс қалған жоқ. Тірісінде «Сырсандық», «Өмір өрнектері» секілді жыр-жинақтарымен оқыр­­ман жүрегіне жол тап­қан Кәрекеңнің «Бала­ларға байғазы» атты жи­нағы сан түрлі жанрға толы. Бұл кітаптағы жа­­ңылт­­паштар, анаграм­­малар, жұм­бақтар және өзге туын­дыларды жер­гілікті білім бөлімі­нің басшылары мектептегі балалар­дың сана­сына сіңіруге ықпал етті. Ал «Өнер деген өлке бар» атты про­залық жинағында туған жерден түлеп ұш­қан таланттар туралы кеңінен толғанған.

Алатау баурайындағы Алматыда жоғары бі­лім алса да, 44 жыл бойы аудан­­дық «Құлан таңы» газе­тінде үзіліссіз ең­бек еткен қаламгер шығарма­шы­­лығына арналған «Өнер шыңын ешбір жан құлата алмас» атты по­эзия кешіне ақынның жерлестері, шәкірттері, қаламгерлер, бауырлары, мектеп оқушылары арнайы қатысты.

Іс-шара барысында сөз алған Кәріпжан Нү­сіптің ұл-қыздары Нұр­­­дәулет Нүсіпов, Гүл­на­зым Атабаева, Ай­назым На­мазбаева және қарындасы Нұрша Нү­сіпова, жергілікті теле­арнаның ардагері, ұзақ жылдар бойы бас режиссер қызметін ат­қарған ақын­ның жие­ні Қаржаубай Сыдық­наза­ров, композитор Дүйсенәлі Бықыбаев қаламгердің өнегеге толы өмірі туралы ес­телік айтты. Алма­тыдан және өзге өңір­­­лер­ден келген қа­лам­­гер­лер мен Кәрекеңнің шә­кірт­те­рі де өз естелік­терімен бө­лісті.

Әдеби кешке қалам­гердің туған жерінен кел­ген Тұрар Рысқұлов аудан­­дық мәдениет үйі­нің қыз­меткерлері де атсалысты. Өрелі өлең, әдемі әндермен әдіп­телген кеш барысын­да ақын­ның сөзіне жаз­ыл­ған «Біз екеуміз», «Се­ріктесіп жүрейік» се­кілді шығармалар шыр­қал­ды. Ал Әли­хан Бө­кей­­ханов атында­ғы гим­на­зияның оқушы­лары ақын өлеңдерін жатқа оқып, көпшіліктің ыстық ықы­ласына бөленді.

Жамбыл облысы 

Бөлісу:
Қаламгер шығармашылығы кеңінен насихатталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар