Экология
2 мин оқу 234

Климаттың өзгерісі әлемді алаңдатады

<p style="text-align: justify;">1990&ndash;2022 жылдардағы Монреаль хаттамасымен рет&shy;тел&shy;мейтін парниктік газдардың көздері мен сіңіргіштер абсорбцияларынан болған антропогендік шығарындылардың кадастры туралы Ұлттық баяндама форматында ұлттық климат есебінің негізгі мәселелері мен ережелеріне арналған семинар өтті. Оны &laquo;Жасыл даму&raquo; АҚ ұйымдастырды.</p>

Климаттың өзгерісі әлемді алаңдатады

Қазір әлемді қатты алаң­датып отырған өзекті проблеманың бірі – климат өзгеруі. Осы жағдайды оңтайлы шешу бағытында 2030 жылға дейінгі Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақ­са­тына қол жеткізу туралы баян­дамасы жасалған. Оның негізгі міндеті – кедейлік пен теңсіздікті жою, қоршаған ортаны қорғау және әлем халқының әл-ауқатын қам­та­масыз ету.

Баяндаманың қорытындысы бо­йынша 2023 жылы біздің рес­­пуб­лика 100 мемлекет іші­нен 71,6 балл жинап, 166 ел ара­сын­да 66-орынға ие болды. Бұл 2022 жылмен (71,1 балл) са­лыс­тырғанда жақсарғанын көрсетеді.

Бұдан басқа, «Жасыл даму» АҚ әзірлеген Транспарентті­лік бойынша екі жылдық есебі үздік шықты. Бұл парниктік газдар көздерінен антропогендік шығарындылар және сіңір­гіш­тердің сіңірілуі туралы BTR1 негізгі бөлігінің Ұлттық баяндамасы саналады.

Семинардың ашылуына Эко­логия және табиғи ресурс­тар вице-министрі Мансұр Ошурбаев, еліміздегі БҰҰ Даму бағдарламасы Климаттық саясат жөніндегі сарапшысы Гүлмира Серғазина, «Жасыл даму» АҚ басшылары қатысып, ойла­рын ортаға салды. Жиынға «Жасыл даму» АҚ Парниктік газдар­ды түгендеу департаментінің директоры Айман Есекина моде­раторлық етті.

Бұл іс-шара «Біріккен Ұлт­тар Ұйымының Климаттың өзгеруі ту­­ралы негіздемелік конвенциясы (БҰҰ КӨНК) шеңберін­де бірінші екі жылдық баяндама және бірік­кен тоғызыншы ұлттық хабарлама және Қазақстан Республикасы транспаренттілік мәселелері жө­ніндегі екінші екі жылдық баян­дама» жобасы аясындағы БҰҰ Даму бағдарламасы мен «Жа­сыл даму» АҚ әзірлеген БҰҰ КӨНК-ның хатшылығына ҚР транс­паренттілік мәселелері жөніндегі алғашқы екі жыл­дық баяндаманы (Biennial Trans­parency report – BTR1) ұсы­ну қорытындысы бойынша ұйымдас­тырылды.

BTR1 – парниктік газдарды ұлт­тық түгендеу және ұлттық дең­­гейде айқындалатын үлесті орын­далуы туралы міндетті ақпа­рат­ты қамтиды. Оны дайындау­ды «Жасыл даму» АҚ іске асыра­ды. Ұлттық түгендеу 2030 жыл­ға қарай парниктік газдар шыға­рын­дыларын 15 пайызға азайту жө­ніндегі міндеттемені, сон­дай-ақ Париж келісімі шең­бе­рінде 2060 жылға қарай кө­мір­тегі бейтараптығына қол жет­кізу жөніндегі міндеттемені қа­дағалауға негіз болады.

Айта кетейік, парниктік газ­дың эффектісіне ықпал ететін шығарындылар 36-72 пайыз су буы, 9-26 пайыз көмірқышқыл газы, 4-9 пайыз метан және 3-7 пайыз озон. Табиғи үдерістер нә­тижесінде пайда болатын пар­никтік шығарындыларға озон, азот протоксиді, метан, көмір­қышқыл газы және су буы жатады. Антропогендік қоспалар қо­сылғаннан кейін ғаламдық жылыну мен климаттың өзгеруі орын алып, оның өткізу қабілеті артып, табиғи тепе-теңдік бұзылады.

Семинар барысында мұ­най-газ саласы мен көлік кіре­тін энер­гетикалық сектор; өнер­кәсіптік үдерістер және өнімдерді пайдалану; ауыл шаруашылығы; орман шаруашылығы және басқа да жер пайдалану түрлері мен қалдықтар секторы бойынша парниктік газдар шығарындыларының есеп­теулері талқыланды.

Бөлісу:
Климаттың өзгерісі әлемді алаңдатады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар