Аяз, тұман, көктайғақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 7, 8, 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Республиканың басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етеді. Сондықтан тұрақсыз ауа райы күтіледі.
Еліміздің шығысында қатты қар жауады, бұрқасын күтіледі.
Оңтүстік өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласады, таулы аудандарда қатты жауын-шашын жауады.
Шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда көктайғақ болады деп болжанып отыр.
Елдің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
- Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-13 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 13-25 градус аязға дейін, еліміздің солтүстігінде 20-25 градус аязға дейін, Қазақстанның орталығында 15-28 градус аязға дейін, республиканың шығысында 18-26 градус аязға дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 8-21 градус аязға дейін біртіндеп төмендейді, - деп жазылған хабарламада.