Президент
1 мин оқу 170
Президент Доха форумының ашылу салтанатына қатысты
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық жиын биыл «Диалог, дипломатия және алуантүрлілік» (Diplomacy, Dialogue and Diversity) тақырыбына арналды.
Қатар астанасындағы айтулы іс-шарада геосаясат, экономикалық даму, жаңа технологиялар, жасанды интеллект, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі секілді өзекті мәселелер талқыланып, түйткілдерді шешуге бағытталған ұсыныс-пікірлер мен идеялар айтылады.
Бөлісу: