Заң
1 мин оқу 104

Запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау ережелері өзгереді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда запастағы офицерлер мен сержанттарды әскери даярлау ережелеріне өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау ережелері өзгереді

Министрлік басшысы әзірлеген жаңа бұйрық жобасына сәйкес, әскери оқу орындарына түсу, ауысу және қалпына келтіру процестері толығымен цифрлық форматқа көшіріледі.

«Өзгерістер нәтижесінде, азаматтар e-Gov порталы арқылы өтінім бере отырып, мемлекеттік қызметті жылдамырақ ала алады. Бұл пайдаланушылардың уақытын үнемдеп, қағазбастылықты жояды»,  делінген хабарламада.

Жаңа нормативтік құқықтық акт «Білім туралы» ҚР Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына және 2018 жылғы 31 қазандағы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау ережелерін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес әзірленген.

Бөлісу:
Запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау ережелері өзгереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар