Түркістанда жазғы дөңгелекпен жүргендер жауапқа тартылып жатыр
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында жазғы дөңгелекпен жүрген 26 жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биыл 1 желтоқсанан бастап техникалық регламентті сақтамағаны үшін автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынады.
- Түркістан облысында полицейлер автокөліктерде қысқы дөңгелек болмағаны үшін 26 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Полицейлер жүргізушілерді көліктің жағдайын тексеріп, мезгілге сай дайындауға шақырады, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, көлік жүргізушілері жазғы шиналарын ауыстырмаса, 1 желтоқсаннан кейін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес 5 АЕК (18460 теңге) мөлшерінде айыппұл арқалайды.