Алматы облысында республикалық жолдардың бірінде қозғалыс шектелді
<p style="text-align: justify;">Алматы облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«ҚазАвтоЖол» жүк көлігі мен қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді.
«2024 жылғы 8 желтоқсанда сағат 3.00-ден бастап Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдың «Алма-Тау туристік орталығына кіру» 0-15 км (Тұздыбастау ауылының учаскесі - Бесқайнар ауылы) учаскесінде жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды», делінген хабарламада.
Жол қозғалысы жоспарлы түрде 2024 жылғы 9 желтоқсанда сағат 7.00-де ашылатыны айтылды.