Қоғам
1 мин оқу 310

Жаңа жыл мерекесінде Қазақстан халқы неше күн демалады

<p style="text-align: justify;">ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Жаңа жыл мерекесінде Қазақстан халқы неше күн демалады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.

Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Жаңа жыл мерекесінде Қазақстан халқы неше күн демалады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар