Ақтөбе облысында әскери комиссар өз-өзіне қол жұмсады
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті Ырғыз облыстық қорғаныс істері басқармасы басшысы өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Департаменттің хабарлауынша, қайғылы оқиға 8 желтоқсан күні болған.
«Биылғы жылдың 8 желтоқсанында Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы қызмет орнында өз-өзіне қол жұмсады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаның әскери қызметке қатысы жоқ. Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.