Ауа райы
1 мин оқу 141
Қар жауып, боран соғады: 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктердің болжамы бойынша, аптаның басында Солтүстік циклон жырасына байланысты республиканың көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Қар жауып, боран соғады.
Елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. Елдің оңтүстігінде кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Түнде елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, Қазақстанның орталығында, республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстік облыстарда аяз болады.
Бөлісу: