Көрме
2 мин оқу 63

Елдік мақсатты бедерлеген туындылар

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан&shy;ның Халық суретшілері Әбілхан Қастеевтің 120 жыл&shy;ды&shy;ғына, Үкі Әжиевтің 100 жылдығына, На&shy;ғым&shy;бек Нұр&shy;мұхаммедовтің 100 жылдығына, Гүлфайруз Исмаи&shy;ло&shy;ваның 95 жылдығына арналған &laquo;Ұлағатты ұрпақ&raquo; атты Суретшілер одағының республикалық есептік көрмесі ашылды.</p>

Елдік мақсатты бедерлеген туындылар

Көрмеде 200-ден астам кес­кіндеме, графика, мүсін, қол­өнер саласы бойын­ша Қазақстан суретшілерінің шығарма­шылық туындылары ұсынылды. Ал­маты, Алматы облысы, Астана, Пав­лодар, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қызылорда, Тараз, Түр­кістан, Шымкент өңірінен 150-ге жуық суретші қатысты.

ва

Қазақстан суретшілері, маңызы мен мәні жоғалмаған қазақ бейнелеу өнері қай заман болса да ұлттық қасиетті, ондағы дүниетанымды сақтап келеді. Қазақ бейнелеу өне­рінің өркен жайып, әлемдік өнер аренасында ұлттық сипатты танытуда суретшілердің сіңір­ген еңбегі ерен. Ұлттық бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін саралап, өзіндік жеке тұл­ғалық қолтаңбасымен өнер тарихында із қалдырған саң­лақтардың мерейтойларына орай ұйымдастырылған көр­менің негізгі мақсаты терең әрі ауқымды. Есептік көрме «ХХІ ғасырдың суретшілері ұлттық өнер мек­тебінің дамуына қандай үлес қосуда», «Қазіргі қоғам өміріндегі коммерциялық құрамдас бөліктен арылу және жаңа міндеттерді белгілеу», «Өзек­ті плас­тикалық идеяларды қалып­тастыру», «Адам мен қоғам арасындағы өзіндік да­мудың жаңа тарихи кезеңіне шығу маңыздылығы» секілді сурет өнеріндегі өзекті мә­селелерді қамтиды.

ва

Көрме жетекшісі Гүлнар Жұбания­зованың айтуынша, көрменің тұжы­рым­дамасына сәйкес, суретшілер шығар­машылығындағы туындыларда уақыт пен кеңістік ағымының ақи­қаты, ұлттық рухтың тынысы, елдің мақсат-мұраты баяндалады. Экс­по­зицияда көрермен түрлі жанрда әр қырынан көрініс тапқан, компо­зи­циялық және колориттік шешімде, креа­тивті ой-тұжырымда ай­қындалған динамикалық үндестік пен өзара тұтас, терең мағыналы туындыларды тамашалай алады.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Елдік мақсатты бедерлеген туындылар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар