Жәдігер
2 мин оқу 491

Мәдинадағы қыпшақ садағы

<p style="text-align: justify;">Мәдина қаласын білмейтін адам жоққа тән. Себебі бұл шаһар &ndash; мұсылман баласы зиярат етуге бұйырылған әлемдегі қасиетті үш орынның бірі. Оның сыртында бұл шәріде пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) мешіті орналасқан һәм соңғы бақилық тұрағы да (зираты) осында.</p>

Мәдинадағы қыпшақ садағы

Бұрындары бұл қала тек құл­шылық өтеуге тиіс қасиетті нысан ре­тінде белгілі болса, қа­зіргі таңда ислам діні мен мәдениетінің рухани ордасы іспетті тарихи-танымдық орындар бой көтеріп жатыр. Соның бірі – Пайғамбар мешітінің артқы қапталында бір ша­қырымдай қашықтағы әл-Анбария ауданы аума­­ғындағы әл-Хижаз темір­жол вокзалының ғима­ратында орналасқан Дар әл-Мәдина атты өнер му­зейі. Бұл мәдени ошақ 1998 жылы ашылған екен.

Қазіргі таңда музей екі қабаттан және 16-ға жуық бөлмеден тұрады. Онда исламға дейінгі дәуірдің экспонаттары және Сауд Арабиясының тарихына қатысты арнайы бөлім бар. Мұражайда сонымен қатар қолөнер дүкені, сау­да алаңы, кофехана және мейрамхана бар.

Аталған музейде қазақ садағының атасы саналатын көне қыпшақ садағы сақтаулы тұр. Оқырманға түсінікті болу үшін ашалап айтатын дүние – 622 жылы Мәдина қаласында Мұхаммед пайғамбар не­гізін қалаған Ислам хали­фатының байрағы 1259–1517 жылдар аралығында мысырлық қыпшақ-мәм­лүктердің қолында бол­ды. Яғни осы жылдары күллі Хижаз даласына мысыр қыпшақтары би­лік жүргізіп, қарудың к­ү­шімен далалық араб-бәдеуилер тарапынан сау­да керуендері мен қа­жыларды тонау ісі өрістеп кетуіне байланысты, оларды қорғау үшін Мәдина қа­ласына көшпелі әскери база орналастырады.

Мәдина музейінде тұрған қыпшақ садағы сол дәуірден қалған мұра екені анық. Аталған садақтың құрылымы мен жасалу тәсілі ежелгі азиялық көш­пелілер үлгісіне ұқсас, кә­дімгі мүйіз астар­лы, та­рамыс дәртелі ежел­гі ғұн садағының дәл өзі. Дей тұрғанмен бөлшек­терін құрастырғанда аша­сына пайдаланып, са­­дақтың жалпы тұр­па­тына тұтқасы мен сұ­ғыны жалғанған.

Садақ ат үстінен атуға ыңғайланғандықтан моң­ғол садағына қарағанда пошымы шағын. Сұғы ежелгі ғұн садағына қа­рағанда қысқалау әрі арнайы бөлігі бар. Жалпы пішімі: тұтқа, корпус, кассан және сұқ қатарлы төрт бөліктен тұрады. Тұтқасы Азия садағынан өз­гешелеу, иіні алға қа­рай қарынсал шығыңқы пішінде һәм жұмыр емес жалпақтау. Бұл қарудың басты ерекшелігі – өте қуатты, тек мықты мергендер ғана тарта алатындай.

Бір қызығы, музейде тұрған қыпшақ садағы – отты қару толық қол­данысқа енгенге дейін Шығыс Азия, Кіші Азия жерінде жауынгерлік қа­ру­дың басты атрибуты ретінде қызмет атқар­ған. Мәдинадағы қып­шақ садағы әлемдік қару­танушылардың пайымы бойынша «татар садағы» тобына жақын. Өйткені татар садағының тұтқасы түрік садағы сияқты алдына қарай шығыңқы жасалады.

Бөлісу:
Мәдинадағы қыпшақ садағы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар