Шымкентте жылыжай кешені салынады
<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Олжас Бектенов «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Жүргізіліп жатқан жұмыс қорытындылары және ұлттық компанияның ел экономикасына одан әрі инвестиция тарту жөніндегі жоспарлары қаралды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев биыл орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде 4,8 мыңға жуық жұмыс орнын аша отырып, құны $1,1 млрд-ты құрайтын 22 инвестициялық жоба іске қосылғанын баяндады. Бүгінгі таңда Алматы облысында вольфрам кендерін өңдеу және Алматы қаласында ісікке қарсы бірегей препараттар өндіру кәсіпорындары және басқа да нысандар ашылған.
Сонымен қатар 7 жоба бойынша, оның ішінде Жамбыл облысында 1 ГВт ЖЭС салу, Алматы облысында сүт өнімдерін өндіру, Шымкент қаласында жылыжай кешенін салу бойынша жалпы құны жалпы $2,5 млрд болатын инвестициялық келісімдерге қол қойылды.
«Қазақстан экономикасының перспективалы салаларына инвестиция тартудың мақсатты жаңа тәсілі енгізілді. Астықты терең өңдеу, көмір химиясы, мұнай химиясы және мұнай-газ жабдықтарын өндіру секілді 4 бағыт анықталды. Алдағы үш жылда CHN Energy, Carlsberg, PepsiCo, ULTRADECOR, LASSELSBERGER GROUP сияқты және басқа да компаниялармен бірлесе отырып, ірі жобаларды жүзеге асыру үшін $10 млрд тарту жоспарланып отыр», деліінген хабарламада.
Отырыс қорытындысы бойынша 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.