Ғылым
2 мин оқу 70

Ғылымды дамытудың жол картасы

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы Достық үйінде академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ғылымды дамыту мәсе&shy;лелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді. Оған Ұлттық ғылым академиясының басшылығында болған ғалымдар мен дербес ғылым академияларының басшылары қатысты.</p>

Ғылымды дамытудың жол картасы

Алқалы жиында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Ақылбек Күрішбаев ауқымды баяндама жасап, отандық ғылымның дамуы мен ғылыми ықпал­дастық, жас ғалымдарды үйлестіру саласындағы маңызды істерге тоқталды.

«Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы­на сәйкес, әлемдегі 20 жетекші академия тәжірибе­сін талдай отырып, алдағы 10 жылдық ­даму стратегиясын индикаторлармен айқын­да­ған нақты үлгі жасадық. Оған бар ресурстарды пайдаланып, қандай нәтижелерге қол жеткізуге болатынын зерт­тедік. Бұған дейін ғылым саласындағы орын алған олқылықты анықтап, басымдықта­р айқын­далды», деді А.Күрішбаев.

Баяндама барысында ҰҒА басшысы алғаш рет ғылымды дамытуға негізделген форсайт-зерттеулер, отандық ғылымның нақты жай-күйін бағалайтын талдау орталығының жұмыс нәтижесі туралы айтты. 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми-техни­калық тапсырыс барысына сараптама жасалды. Министрліктерге салалық ғылымды дамытуда нақ­ты кеңестер беріліп, түйткілді мәселелері бо­йын­ша академия президиумы көшпелі отырыс өт­кізді. Мұн­дағы мақсат – аймақтардағы жергі­лікті билік тарапы­нан да ғылымды қолдауға жар­қын бастамалардың бол­ғаны маңызды. Осы жұмыс­тардың нәтижесінде ана­литикалық жазбалар, жол картасы дайындалды. Биыл алғаш рет академия жанынан «Жас ға­лымдар» кеңесі құрылды. Оның құрамына 20-дан астам жетекші жас ғалым енген. Кеңес құрамын­дағы омбудсмен жас ғалымдардың мәселелеріне ұсыныс беріп отыратын болады.

Сондай-ақ елімізге белгілі ғалымдар Серікбек Дәу­кеев, Әбдірасыл Жарменов, Кәрімбек Құрман­әлиев, Асқарбек Құсайынов, Бақытжан Жұмағұлов, Рахман Алшанов, Вячеслав Локшин, Нұрлан Рыс­панов және тағы да басқа ғалымдар академия пре­зидентінің баяндамасына қатысты ойларын ортаға салып, мақсат-міндетіне байланысты ұсыныс айтты. Әсіресе жас ғалымдарды қолдау, олар­ға әлеуметтік жағдай жасау, зертханаларды за­­манауи жабдықтау, орта білімнің сапасын арт­­тыру сияқ­ты бір-бірінен бөле жарып қарау­ға бол­­майтын келелі мәселелерді аға ғалымдар нақ­ты дә­лел­дермен жеткізді. Осы бағытта халықара­­­лық бірлескен жоба­лардың маңызына иек артқан абзал.

Бүгінде Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Қытай, Америка, Түркия, Ресей, ТМД елдерінің жетекші ғылым академиялары ара­сында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойыл­ған. Сонымен бірге Германия, Оңтүстік Корея және Қытаймен бірлескен 3 халықаралық орталық құ­рыл­ды. Жетекші 8 академияның тәжірибесі негі­зін­де ғылыми этика кодексі – ғылыми зерттеулерді жүр­гізу стандарты дайындалды. Фальсификация­ны, плагиаты, мүдделер қақтығысын және жалған бірлескен авторлықты анықтаудың қағидаттары бекітілді.

Алдағы уақытта Ұлттық ғылым академиясы мен ғылыми бірлестіктіктер бірлесіп жұмыс істеуге даяр. Әсіресе жас ғалымдарға көп қолдау көрсетіледі. Соны­мен қатар ғалымдар ғылыми технология­­лық даму мақ­са­тында қол қойылған меморандум­дар­ға сәйкес жол картасы аясындағы жұмыста­рын жалғастыра береді.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Ғылымды дамытудың жол картасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар