Қоғам
1 мин оқу 100

Мереке күндері ХҚКО қалай жұмыс істейді

<p style="text-align: justify;">12 желтоқсанда &laquo;Азаматтарға арналған үкімет&raquo; мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Мереке күндері ХҚКО қалай жұмыс істейді

Тәуелсіздік күніне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар дүйсенбі, 16 желтоқсанда жұмыс істемейді. Сонымен қатар сенбі, 14 желтоқсан - кезекші пункттер үшін жұмыс күні. Қызметтер 9:00-ден 13:00-ге дейін қолжетімді болады.

Сейсенбі күні, 17 желтоқсанда еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кесте бойынша азаматтарды қабылдайды.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбі күні 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші арнаулы қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін азаматтарды сағат 18:00-ге дейін қабылдайды, ал дайын құжаттарды беру 20.00-ге дейін, сенбі күні – 13.00-ге дейін жүргізіледі», деп еске салды мемлекеттік корпорация.

Бөлісу:
Мереке күндері ХҚКО қалай жұмыс істейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар