Аймақтар
1 мин оқу 271

Қармақшыдағы «Руханият орталығы»

<p style="text-align: justify;">Биыл Сырдағы &laquo;Руханият жылы&raquo; аясында мәдени-көпшілік шаралармен қатар, ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Жыл басында 1000 орындық &laquo;Өнер орталығы&raquo; ашылып, жаңадан симфония оркестрі, инклюзивті театр, Жастар театры, заманауи би және хор ұжымдары жасақталды. Ежелі жыр сарынын сақтаған өлкедегі биылғы жаңалықтың тағы бірі &ndash; &laquo;Жыраулар үйі&raquo;.</p>

Қармақшыдағы «Руханият орталығы»

Жыл шеңберінде барлық ауданда «Руханият ор­­талықтарының» іргесі қа­ла­нып, Тәуелсіздік күні қар­саңында Қармақшы ауданында осы ор­та­лықтың ашылу рәсімі өтті. Жұрт­­шылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтаған облыс әкімі Нұр­лыбек Нәлібаев әлеуметтік-экономикалық ба­ғыттағы же­тістіктерге тоқ­тал­ды.

«Бүгін – ғасырлардың үнін жаңғыртып, халқымыздың қазынасын еселеген Сыр руханияты үшін айтулы күн. Ең алдымен, баршаңызды мыңжылдықтардың мұраты, Алаштың асқақ арманы болған Тәуелсіздік күнімен шын жү­ректен құттықтаймын!

Биылғы «Руханият жылы» аясында барлық 7 ауданда құны 11 млрд 500 млн теңге болатын, ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият орталықтары» салына бас­тағанын білесіздер. Осы арқылы түрлі бағытта қызмет көрсететін мекемелерді бір орталыққа біріктіріп, бюджет қаражатын тиімді басқару, әкімшілік шығындарды азай­туға болады. Жыл соңына дейін тағы 5 ауданда «Руханият орталығы» жұмысын бас­тайды. Қалған 2 орталық келесі жылдың наурыз айында ел игілігіне беріледі» , деді облыс басшысы.

Жиында белгілі ақын Шәкизада Әбдікәрімов ай­мақ­тың руханият сала­сын­­дағы ауқымды жұмыс­тарға тоқталса, мемлекет және қо­ғам қайраткері Бақ­берген Дос­мамбетов бата берді. Салтанатты рәсімде аудан­ның өсіп-өркендеуі жолын­да еңбек еткен ардагерлер мен орталықты салған құры­лыс­шыларға көп алдында құр­мет көрсетілді.

Қызылорда облысы,

Қармақшы ауданы

Бөлісу:
Қармақшыдағы «Руханият орталығы» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар