Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
<p style="text-align: justify;">Қазақ КСР-нің халық әртісі, Қазақстанның еңбек ері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Роза Рымбаеваға «Абай облысының құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өңір әкімдігінің мәліметінше, бұл атақ айрықша белгі мен ерекше мағынаға ие. Ондағы ақ түс тазалықты, әділдікті және шексіздікті көрсетеді. Көк - бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың символы. Алтын түс байлық пен ұлылықты білдіреді.
Белгінің ортасында жеті қырымен қоршалған Абай облысының контуры бейнеленген, олардың әрқайсысы оның дамуының негізгі бағыттарын: мәдениет, өнер, білім, ғылым, өндіріс, инновация және басқа да салаларды бейнелейді.
Роза Рымбаевамен қоса бұл атақ тағы бірнеше адамға табысталды:
- «Вестник», «Адам. Энергия. Атом» журналдардың бас редакторы және ҚР Ұлттық ядролық орталығының төрағасы Эрлан Ғадлетұлы Батырбеков;
- Филология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Арап Сләмұлы Еспенбетов;
- Samruk-Kazyna Construction АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Александр Александрович Милютин;
- «Зайтенов» шаруа қожалығының басшысы Ерлан Әмірбекұлы Зайтенов.