Қоғам
1 мин оқу 183
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
<p style="text-align: justify;">Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 қауіпсіздігі орташа мекемесінде тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу әрекеті анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қырағылық танытқан мекеме қызметкерлері шұжықтың ішіне жасырылған ұялы телефонды тапты. Бұл бандерольді анасы ұлына арнайы жібермек болған.
Тексеру барысында Samsung ұялы телефонын, Beeline сим-картасы және зарядтағыш құрал тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы негізінде іс қозғалып, кінәлі тұлғаға қатысты материалдар сотқа жіберілді.
Бөлісу: