Президент
1 мин оқу 120
Президент Бахрейн Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифа мен оның отандастарын Бахрейн Корольдігінің ұлттық мерекесі –Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мемлекет басшысы жеделхатында Қазақстанның Бахрейнді араб әлеміндегі және Таяу Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен. Сондай-ақ дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенімді екенін жеткізген.
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифаға ұзақ ғұмыр, Бахрейн халқына бақ-береке тіледі.
Бөлісу: