Ауа райы
1 мин оқу 113

Алдағы үш күнде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; алдағы үш күнде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдағы үш күнде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болады

Астана:

17 желтоқсанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -12…-14°C, күндіз -8…-10°C.

18 желтоқсанда айнымалы бұлтты, күндіз қар, боран. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз -5…-7°C.

19 желтоқсанда айнымалы бұлтты, кейде қар жауады, боран. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз -1…-3°C.

Алматы:

17 желтоқсанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде кей жерлерде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -14…-16°C, күндіз -4…-6°C.

18 желтоқсанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -11…-13°C, күндіз -0…-2°C.

19 желтоқсанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз 0…+2°C.

«Қазгидромет» мамандары тұрғындарға ауа райы болжамын ескеріп, сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.

Бөлісу:
Алдағы үш күнде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар