Теннис
1 мин оқу 130

Әмір Омарханов АҚШ-тағы ірі турнирде жеңіске жетті

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасындағы бірінші ракеткасы Әмір Омарханов жұптық сында АҚШ-тың Флорида штатында өткен ITF Juniors J500 Orange Bowl турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Әмір Омарханов АҚШ-тағы ірі турнирде жеңіске жетті

Қазақстан теннисшісі ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге 18 жасқа дейінгілер арасында үздік атанды.

«Отандасымыз бен Ресей спортшысы финалда швейцариялық Анри Берно – чехиялық Денис Петакпен бас жүлдені сарапқа салды. Омарханов – Дерипаско камбэкпен жеңіске жетті. Есеп: 3:6, 6:1, 10:1», деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

Orange Bowl жыл сайын Плантейшенде өткізіледі. Жарыс жасөспірімдер арасында ресми емес әлем чемпионаты болып есептеледі.

Бөлісу:
Әмір Омарханов АҚШ-тағы ірі турнирде жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар