Әлем
1 мин оқу 134

АҚШ-тағы мектепте атыс болып, үш адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Висконсин штатындағы Мэдисон қаласындағы христиан мектебінде жасөспірім атыс ұйымдастырып, салдарынан кем дегенде екі адам көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> The New York Times басылымына сілтеме жасап.</p>

АҚШ-тағы мектепте атыс болып, үш адам көз жұмды

Оқиға орнына жеткен полицейлер күдіктіні ғимарат ішінен өлі күйінде тапқан.

Полицияның мәліметінше, балабақшадан 12-сыныпқа дейін 390-ға жуық бала оқитын христиан мектебінде атыс салдарынан кем дегенде тағы алты адам зардап шеккен. 

Мэдисон полициясының басшысы Шон Ф.Барнс атыс болған жерге барған офицерлер қару қолданбағанын айтты. Ол күдіктінің жасөспірім екенін, болжам бойынша осы мектептің оқушысы екенін түсіндірген.

Жоғары лауазымды шенеуніктердің Мэдисондағы жергілікті билік органдарымен байланыста және қажетті көмек көрсетуге дайын екендігі атап өтілді.

Бөлісу:
АҚШ-тағы мектепте атыс болып, үш адам көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар