Қоғам
1 мин оқу 200

Аида Балаева маңызды үндеу жасады

<p style="text-align: justify;">ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі ресми парақшасында халыққа маңызды үндеу жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аида Балаева маңызды үндеу жасады
«Құрметті достар! Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!», делінген хабарламада.

Министр баршаңызды сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады.

Бөлісу:
Аида Балаева маңызды үндеу жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар