Зейнетақы жинағының шегі өзгермейді
<p style="text-align: justify;">Бірыңғай жинақтаушы зейнет­ақы қоры (БЖЗҚ) ке­ле­­сі жылға арналған жи­нақ­­­ты пайдаланудың жет­кілік­­ті шегін жариялады. 2025 жылы зейнетақы жина­ғының ең тө­менгі жет­кілікті шегі (ТЖШ) өзгер­мей, биылғы дең­­гей­де өзге­­ріс­сіз қалатын бол­ды.</p>

Азаматтар 2021 жылдан бері зейнетақы қорындағы артық ақшаны тұрмыс жағдайын жақсартуға, емделуге, сенімгерлік басқаруға жұмсай бастады. Қазірге дейін БЖЗҚ-дан 3,4 трлн теңге алынған. Ал қордан алуға болатын жеткілікті шектің мөлшері осымен бірнеше жыл өзгермей келеді. Тек адамның жасына байланысты 3 млн-нан 10 млн теңгеге дейінгі шама белгіленген. Мысалы, 20 жастағы азаматтарға жеткілікті шек – 3 млн 260 мың теңге, ал 30 жастағыларға – 4 млн 580 мың теңге, 40 жастағыларға 6 млн 100 мың теңге болмақ.
Келер жылға арналған ТЖШ есептеу кезінде бірнеше әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылған:
- Ең төменгі жалақы мөлшері (85 000 теңге);
- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері (32 360 теңге);
- Зейнетақының ең төменгі мөлшері (62 771 теңге);
- Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы (46 228 теңге).