Қылмыс
1 мин оқу 100

Қылмысқа қатысты айғақтарды ұрлаған полицей сотталды

<p style="text-align: justify;">2017 жылдың наурыз айында Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторы 24 млн теңгенің ұрлығына қатысты дерек ретінде алынған заттарды ұрлаған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қылмысқа қатысты айғақтарды ұрлаған полицей сотталды

Жетісу облысының арнайы прокурорлары Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторына қатысты істі соңына жеткізді. 

Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.

Оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Сот полиция қызметкерін ҚР ҚК-нің 362-бабына сәйкес (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) кінәлі деп тауып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.  

Сот үкімі күшіне енді.

Бөлісу:
Қылмысқа қатысты айғақтарды ұрлаған полицей сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар