Заң
1 мин оқу 114

Балабақшаға марқұмдарды тіркеп ақша жымқырғандар сотталды

<p style="text-align: justify;">Шымкентте екі балабақша өмірден өткен жандарды тіркеп, мемлекеттен заңсыз қаржы алып отырған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Балабақшаға марқұмдарды тіркеп ақша жымқырғандар сотталды

Бас прокуратураның мәліметінше, «Т» және «Б» жекеменшік мекемелер Білім басқармасына балабақшаға бармаған балалардың білім алып жатқандығы туралы жалған мәліметтер ұсынып, қаржы алып отырған. Олар 8 миллион теңгеден астам қаражатты өз беттерінше жаратқан. 

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының үкімімен балабақша құрылтайшылары алаяқтық жасағандары үшін әртүрлі жазаға тартылған. 

Кінәлілер мемлекетке келтірілген залалды толығымен қайтарған. 

Бас прокуратура бұл бағыттағы заңсыз әрекеттерді зерттеу ісі жалғасып жатқанын ескертті. 

Бөлісу:
Балабақшаға марқұмдарды тіркеп ақша жымқырғандар сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар