Денсаулық
1 мин оқу 42

Медициналық пойыз 21 мың шақырымды жүріп өткен

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметі алаңында &laquo;Samruk-Kazyna Trust&raquo; әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Әлфия Әдиева айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Медициналық пойыз 21 мың шақырымды жүріп өткен

1 мамырдан бастап 8 ай ішінде 17 облысты аралаған «Саламатты Қазақстан» медициналық-әлеуметтік пойызының жұмысы Жетісу өңірінде аяқталады. Былтыр 121 станция қамтылса, биыл 140 шалғай елді мекенде болып, 21 мың шақырымнан астам жол жүріп өтті.

«Пойыз аралаған станцияларда және оның қасындағы ауылдарда ірі ауруханалар жоқ. Былтыр пойызда 35 маман қызмет атқарса, биыл 40 маман тартылды. Олар түрлі бағыттағы дәрігерлер, медиатор мен заңгерлер», деді Әлфия Әдиева.

Айтуынша, көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12 мыңға артық. Биылғы мақсат 100 мың халықты қамту болған. Міндет толығымен орындалып, 104 250 ауыл тұрғыны медициналық және құқықтық көмек алған.

Бөлісу:
Медициналық пойыз 21 мың шақырымды жүріп өткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар