Аймақтар
1 мин оқу 70
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
<p style="text-align: justify;">Қолайсыз ауа райына байланысты Түркістан және Жамбыл облыстарындағы республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.
20 желтоқсан сағат 09:00-ден Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 534-593 шақырым аралығында Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылды.
Сонымен қатар Түркістан облысындағы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-663 шақырым аралығында Жамбыл облысының шекарасынан - Қарабұлақ ауылына дейін көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Бөлісу: