Бразилияда ұшақ апатқа ұшырады
<p style="text-align: justify;">Бразилияның Грамадо қаласында шағын ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан борттағы 10 адамның барлығы қаза тауып, тағы оннан астам адам дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> CNN арнасына сілтеме жасап.</p>

Ұлттық азаматтық қорғаныстың хабарлауынша, апат ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минут өткен соң болған. Ұшақ алдымен ғимараттың мұржасына, кейін үйге, соңында жиһаз дүкеніне соқтығысқан.
Рио-Гранди-ду-Сул штатының азаматтық қорғанысының мәліметінше, кем дегенде 17 адам зардап шеккен. Олардың көпшілігі түтінді жұтып, ауруханаға жатқызылған.
Рио-Гранде-ду-Сул губернаторы Эдуардо Лейте ұшақ бортындағы 10 адамның барлығы қаза тапқанын мәлімдеген. Мемлекеттік азаматтық қорғаныстың хабарлауынша, қаза тапқандардың барлығы бір отбасының мүшелері болған.
Жергілікті билік қайғылы оқиғаның себептерін анықтап жатыр.