Елена Рыбакина World Tennis League турнирінің жеңімпазы атанды
<p style="text-align: justify;">Елена Рыбакина БАӘ-де өткен ірі халықаралық World Tennis League турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, турнирге әлемнің түрлі елдерінен келген теннисшілерден құралған төрт команда қатысқан.
Falcons: Андрей Рублев (Ресей), Денис Шаповалов (Канада), Елена Рыбакина (Қазақстан), Каролин Гарсия (Франция).
Eagles: Александр Шевченко (Қазақстан), Стефанос Циципас (Греция), Ига Швентек (Польша), Паула Бадоса (Испания).
Kites: Ник Кирьос (Австралия), Каспер Рууд (Норвегия), Симона Халеп (Румыния), Жасмин Паолини (Италия).
Hawks: Джордан Томпсон (Австралия), Сумит Нагал (Үндістан), Мирра Андреева (Ресей), Арина Соболенко (Беларусь).
Турнирдің финалына Falcons мен Hawks командалары шықты. Қазақстанның бірінші ракеткасы Рыбакина командасы қарсыластарын 20-16 есебімен жеңіп, турнир жеңімпаздары атанды.