«Assyltas» стипендиясы – әріптестерімізде

<p style="text-align: justify;">Алматыда &laquo;Assyltas&raquo; қоғамдық қорының жыл қоры&shy;тындысы шы&shy;ғарылып, үздіктер марапатталды. Аталған қор кейінгі жылдары қоғамдық маңызы бар төрт саланы таңдап, халықтың дауыс беруі һәм қазылардың таң&shy;дауымен жүйрік&shy;тер&shy;ді іріктеуді дәстүрге ай&shy;налдырған.</p>

«Assyltas» стипендиясы – әріптестерімізде

Биылғы төрт аталым бо­йынша ма­рапатталған же­ңімпаздар арасында «еге­мендік» екі әріптесіміз қа­тарынан қара үзіп, озық шықты.

рп

Осы, 2024 жылы, «Assyltas» қоғамдық қоры білім, өнер, спорт және мәдениет салаларын қолдауға 1 миллион доллардан астам қаражат жұмсапты. Биыл Әдебиет аталымы бойынша «Аssyltas» сти­пендиясының иегері 2024 жылы жарық көрген «Ағы­раптағы аты жоқ адам» кіта­бының авторы, газетіміздің Саясат және құқық бөлімінің аға тілшісі, жазушы Қанат Әбіл­­қайыр болды. Ал Жур­­налистика аталымында га­­зетіміздің аға тілшісі Мар­жан Әбіш «Assyltas» сти­пен­диясының иегері атанды. Ғылым мен спорт аталымдары бойынша Нұрхат Жақиев пен Абиба Әбужақынова лайықты деп танылды. Әр жеңімпазға 1 500 000 теңге көлеміндегі стипендия табысталды.

Бөлісу:
«Assyltas» стипендиясы – әріптестерімізде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар