Аймақтар
1 мин оқу 32

16 отбасы қуанышқа кенелді

<p style="text-align: justify;">Қарасай ауданында ха&shy;лықтың әлеу&shy;мет&shy;тік жа&shy;ғы&shy;нан осал топтарына арналған баспананың кілттері салтанатты түрде табыс етілді. Аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров жаңа қоныс иелерін арнайы құттықтады.</p>

16 отбасы қуанышқа кенелді

«Жыл басынан бері ауданда 48 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізген еді, енді міне, тағы 16 отбасы баспаналы болды. Бұл – мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтың, әлеумет­тік қолдаудың жарқын үлгісі», – деді Р.Атшабаров.

Пәтер кілтін алған көпбалалы ана Айнұр Смағұлова: «Мен 10 жыл бойы тұр­ғын үй кезегінде тұрдым. 5 бала өсіріп отыр­мын. Тәуелсіздік мерекесі алдын­да ар­манымыз орындалды. Ба­лаларым ендігі жерде өз шаңы­ра­ғында алаңсыз өмір сү­ріп, жақ­сы білім алатын болды. Біз­дің үй алуымызға мүмкіндік жасаған ел азаматтарына риза­шы­­лы­­ғымды білдіреміз», – деп жүрекжарды алғысын жеткізді.

Қарасай ауданында ел игі­лігіне бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақтытта да жалғасын таба бермек.

Бөлісу:
16 отбасы қуанышқа кенелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар