Өндіріс
2 мин оқу 45

Әлеуеті артқан агромеханикалық зауыт

<p style="text-align: justify;">Құю өнімдері ауыл шаруа&shy;шылығындағы машина жасау, энергетика және тау-кен өндіру сияқты салаларда маңызды рөл ат&shy;қарады. Ауыл шаруа&shy;шы&shy;лығы агрегаттары мен қосалқы бөл&shy;шек&shy;терін, сондай-ақ құю бұйым&shy;дарын шыға&shy;ратын &laquo;Қостанай агромехани&shy;калық зауыты&raquo; ЖШС өнім көлемін ұлғайту және өнім сапасын жақсарту мақсатында өндірісті белсенді түрде жаңғыртып жатыр.</p>

Әлеуеті артқан агромеханикалық зауыт

2023 жылы зауыт құю цехын ауқымды қайта құруды жүзеге асырды. Соның нәтижесінде өндіріс автоматтандырудың жаңа деңгейіне көтерілді. Жобаны қаржыландыруды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мақұлдап, қуаты жылына 1 000 тоннаға дейін жететін заманауи қондырғыларды сатып алуға және 20 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Жаңа жабдық алюминий қалыптарында газдандырылған үлгілерді құю өндірісінің авто­мат­тандырылған өндірі­сіне арналған. Бұл зауытқа күп­шек, оттық, топса, жартылай жал­ғастырғыш, мойынтіректердің корпусын және қақпақ, кронштейн, трактордың қарсы салмақтарды қоса алғанда, өнімнің кең ауқымын шығаруға мүмкіндік береді.

Жаңа жабдықтың өнімділігі жоға­ры: бір машина сағатына 20 цикл­ді орындауға қабілетті. Бір цикл­де көлеміне қарай бірнеше онда­ған құйма шығарылады. Құй­маның ең аз салмағы – 800 грамм, ал максималды салмағы – 250 келі.

Бүгінде зауыт құю өнімдері­нің шамамен 25-30 пайызын өз қажеттіліктеріне пайдаланса, қалғанын үшінші тарап компанияларына өткізеді. 2023 жылдың соңына қарай шамамен 500 тонна құю өнімдерін өндіру күтіліп отыр – бұл 2022 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Құю цехын қайта құру және жаңа техниканы енгізу арқылы кәсіп­орын нарықтағы орнын нығай­тып, отандық машина жасау мен ауыл шаруашылығының дамуы­на зор үлес қосып келеді. Зауыт­та ауыл шаруашылығы техни­ка­сының жаңа түрлері жаса­лып, өндіріс үдерістері жетілдіріл­етін конструкторлық бюро, зертхана және технология бөлімі бар.

Құю цехын жаңғырту – бәсеке­ге қабі­леттілікті арттыру мен елімізде және одан тыс жерлерде сапалы құю өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағат­тандыру үшін жасал­ған қадам. Мұндай жаңарту кәсіпорынның технологиялық серпілісіне ықпал етіп қана қоймай, аймақтағы мамандарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жергілікті экономиканы нығайтады.

Бөлісу:
Әлеуеті артқан агромеханикалық зауыт · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар