Оқиға
1 мин оқу 70
Ақмола облысында әйел адамды пойыз басып кеткен
<p style="text-align: justify;">Ақмола облысындағы Макинка стансасының теміржолында әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлеуметтік желілерде 23 желтоқсанда 36 жастағы әйелдің пойыздың астына құлап кеткені туралы ақпарат тарап жатыр.
«Осы жылдың 23 желтоқсанында сағат 19:00 шамасында Ақмола облысындағы «Макинка» стансасында болған кісі өлімінен кейін Көкшетау стансасындағы желілік полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», деп хабарлады Көліктегі Полиция департаменті.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу: