Үкімет
1 мин оқу 190

Президентке Ақтаудағы апат бойынша соңғы деректер баяндалды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру және зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндалды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Президентке Ақтаудағы апат бойынша соңғы деректер баяндалды

Оқиға орнында зардап шеккендерге толық қолдау көрсету үшін қажетті шаралар қабылданған. Төтенше жағдайлар қызметі 430-дан астам қызметкер мен 80-ге жуық техниканы жұмылдырып отыр. 29 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендерге қажетті медициналық, психологиялық және басқа да көмек көрсетіліп жатыр. Апаттық-құтқару жұмыстары қызу жүріп жатыр.

«Әзербайжан Үкіметімен бірлесіп шетел азаматтары мен қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Президент зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету жұмысын ерекше бақылауда ұстауды және көршілес елдердің үкіметтеріне қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды», делінген Үкіметтің ресми хабарламасында.

Бөлісу:
Президентке Ақтаудағы апат бойынша соңғы деректер баяндалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар