Есірткі
1 мин оқу 130

ҰҚК есірткі сатумен айналысқан үш күдіктіні ұстады

<p style="text-align: justify;">Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Шекара қызметінің департаменттері Маңғыстау облысының прокуратурасымен келісе отырып, халықаралық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

ҰҚК есірткі сатумен айналысқан үш күдіктіні ұстады

«Есірткі сату кезінде ұсталып, соттың санкциясымен үш қазақстандық қамауға алынды. Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді», делінген хабарламада.

Бұған дейін, биылғы жылдың қарашасында ҰҚКД-ның күшімен Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік өңірлерден 300 кг-дан астам каннабис тобының есірткілері тәркіленген ішкі есірткі жеткізу арнасы жойылды.

Жоғарыда аталған фактілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
ҰҚК есірткі сатумен айналысқан үш күдіктіні ұстады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар