Теннис
1 мин оқу 150

Елена Рыбакина United Cup турнирін жеңіспен бастады

<p style="text-align: justify;">Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияда жалауын желбіреткен&nbsp;United Cup турнирін жеңіспен бастады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.</p>

Елена Рыбакина United Cup турнирін жеңіспен бастады

Аралас командалар арасындағы бәсекеде Елена Рыбакина испандық теннисші Джессика Бузас Манейроға қарсы (54-орын) сынға түсті. Нәтижесінде Рыбакина екі сетте (6:2, 6:3)  жеңіске жетіп, Қазақстан мен Испания арасындағы есепті теңестірді (1:1).

Бұған дейін Александр Шевченко Пабло Каррено-Бустеге екі сетте (2:6, 1:6) есе жіберген еді.

2025 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасатын турнирде отандастарымыз «С» тобына түсіп, Испания және Греция құрамаларымен бақ сынасады. Турнирде ұлттық құрама сапында Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және команданың капитаны Александр Недовесов өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Елена Рыбакина United Cup турнирін жеңіспен бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар