Жәдігер
1 мин оқу 280

Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры, түркітанушы ғалым Құдайберген Жұбановтың туғанына 125 жыл толуына орай &laquo;Алты Алаштың ардағы&raquo; атты тарихи-та&shy;нымдық іс-шара өтті. Оған ғалымның ұрпақтары арнайы келді. Көрмеге Құдайберген Қуанұлының жария&shy;ланған еңбектерінің көшірмелері, кітаптары, өзі мен отба&shy;сылық фотосуреттер, зайыбы Раушан апайдың тұтынған заттары қойылды.</p>

Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

Оның ұрпақтары да ғылым мен өнерде елеулі жетістікке жеткен тұлғалар. Құдайберген мен Раушан апайдың үлкен қызы – Мүслима. Одан кейінгі перзенттерінен Ақырап Құдайбергенұлы – дарынды суретші, Есет Құдай­бергенұлы (1927-2004) – лингвист, филология ғылым­да­рының докторы, профессор. Қыздары – Қырмызы және Қызғалдақ. Ғалымның кенжесі Асқар математикалық лингвистикаға зор еңбек сіңірген.

Құдайберген Қуанұлы 1899 жылы 19 желтоқсанда Темір уезінің Темір-Орқаш болысындағы Қосуақтам деген жерінде дүниеге келген. 1962 жылы 90 жасында дүние салған анасы Тәңірбергенқызы Бибішынардың айтуынша, Құдайберген желтоқсан айы­ның ортасында туған. Әкесі Қуан орта шаруалы, медреседе оқыған, араб және орыс тілдеріне жетік жан екен. Парасатты әке балаларының жақсы білім алуына мән берген. Құдайберген Орынбордағы «Хусайния» медресесін тәмам­дап, 1928 жылы Ленин­град­тағы Шығыстану институ­тында оқиды.

1932-1937 жылдары Қа­зақ КСР Оқу-ағарту халық комис­­сариатының ғылыми-әдісте­мелік кеңесінің төрағасы болған.

Кездесуде ұлы ғалымның ұрпақтары – немересі Ар­дақ Есетқызы Жұбанова, жиені Дана Әли (Қызғалдақ Құдай­бергенқызының қызы), Асқар Құдайбергенұлының зайыбы Эльмира Жұбанова Раушан әжелерінің естеліктерімен бө­лісті. Мұғалжар ауда­нын­дағы Қ.Жұбанов атындағы орта мектептің директоры Нұр­бол Ибраев осы әулетпен ара­ласқан ақсақалдардың әң­гімелерін ортаға салды. Темір ауданының Ор­қаш деген жерінде Қуан құ­дығының орны әлі күнге дейін сақталған.

Ақтөбе облысы

Бөлісу:
Ұрпақ сабақтастығының үлгісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар