Аймақтар
1 мин оқу 81

Абай облысында жоғалған азамат табылды

<p style="text-align: justify;">Абай облысында жоғалып кеткен ер адамды іздеу жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Абай облысында жоғалған азамат табылды

Бесқарағай ауданында Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаменті қызметкерлері бірлесіп, 1968 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстарын сәтті аяқтады.

Ер адам Бородулиха ауданының Изатула ауылынан атпен мал айдауға шығып, орман ішінде адасып кеткен.

Құтқарушылар дрон мен қарда жүргіштің көмегімен оны орман алқабынан аман-есен тауып, жақын елді мекенге жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бөлісу:
Абай облысында жоғалған азамат табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар