Оқиға
1 мин оқу 100

Астанада жаңа жылдық отшашу қайда өтеді

<p style="text-align: justify;">Астанада 31 желтоқсан күні сағат 00:00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік жаңа жылдық отшашу басталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігіне сілтеме жасап.</p>

Астанада жаңа жылдық отшашу қайда өтеді

Отшашулар екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ пен Атырау көпіріне іргелес аумақта. Әр жерде шамамен 2,5 мың мәрте атылады.

Сонымен қатар, 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында Жаңа жыл қарсаңында қаланың үш орнында мерекелік шаралар өтеді.

31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елорданың қалалық алаңында, «Қазақ елі» монументі аумағында және ЭКСПО алаңында эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Сондай-ақ, жаңа жылдық күндізгі мерекелік бағдарлама Тәуелсіздік даңғылы, Орталық саябақ, Ататүрік саябағы, Өнеркәсіп кешені мен Көктал саябағындағы Оқушылар сарайының аумағында да өтеді.

Бөлісу:
Астанада жаңа жылдық отшашу қайда өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар